Сапта тұрғанда есінен танып, қайтыс болған сарбаздың өліміне кінәлі анықталды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарбаздың өліміне атыраулық Айболат Аманжолов күдікті деп танылып, ол Алматыдағы тергеу изоляторында отырған болатын. Бүгін Алматыда әскери сотта Айболат Аманжоловқа қатысты сот үкімі шықты. Ол қылмыстық кодекстің 440-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу), 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, Әлібек Қалбай өткен жылдың 22 сәуірінде сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Алматы гарнизонының әскери соты Жамбыл облысындағы әскери бөлімге келген соң төрт күннен кейін қайтыс болған Әлібек Қалбайдың ісін қайта тергеуге жіберген болатын. Сотталушылар мен жәбірленушілер 18 жастағы жауынгердің қазасы туралы істі тергеу нәтижесімен келіспей, қайта тергеуге жіберуді сұраған.

Әлібек Қалбай ісіне байланысты сот былтыр 23 тамызда басталып, осыған дейін 17 отырысы өткен болатын.

Бұл мәселеге қатысты ҚазАқпарат бұған дейін Жас сарбаз Әлібек Қалбайдың өлімі: Екі әскери шенді қызметтен қуылды деп және Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты күдікті ұсталды деп хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар