Саперлер Потсдамда әуе бомбасын залалсыздандырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Потсдам қаласында саперлер Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбаны залалсыздандырды.

Шұғыл шаралар барысында 800 метр радиусындағы жақын жатқан үй орамдарындағы, соның ішінде жергілікті парламент пен бірқатар ведомстволардағы 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

250 келілік бомба теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде табылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, бомба 1945 жылы Потсдамды бомбалау кезінде жарылмай қалған.

Соңғы жаңалықтар