Сапархан Омаров жер мәселесіне қатысты өзекті проблеманы атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыру аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жер қатынастары бойынша ел басшылығы халықтың жер ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жер қатынастарын басқарудың базалық құралы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып саналады. Онда жер учаскелері бойынша электрондық форматта 6,5 млн мәлімет, оның ішінде топырақтық, геоботаникалық және ауыл шаруашылығы карталары сақталады. Халыққа жер қатынастары саласында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің 15 түрінің 12-сі осы жүйе арқылы көрсетіледі. Жер қатынастары саласындағы өзекті проблемалардың бірі жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру болып отыр. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыруды аяқтау жоспарлануда», - деді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі жерді цифрландыру мәселелері бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
«2020 жылдың соңына дейін 26 млн гектар алаңда топырақтық, 25 млн гектар алаңда геоботаникалық, 6,5 млн гектар алаңда ауыл шаруашылығы карталары әзірленетін болады. 2021-2022 жылдары топырақтық және геоботаникалық карталармен қамтуды 40 млн гектарға дейін, ауыл шаруашылығы карталарымен қамтуды 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аясында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен бүкіл көлемді қамту жоспарланған», - деді министр.
- Ақмолада әкім орынбасары мен бөлім бастығы жер телімі үшін кәсіпкерден пара сұраған
- Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
- Үкіметтің ішкі істер органы қызметкерлерін баспанамен қамтуға қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді
-
Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
-
Әділет министрлігінің биылғы басым міндеттері айқындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам