Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі жайында айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 6 өңірде 115 мың гектар дәнді және майлы дақылдар сақтандырылды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдан бастап республикада агроөнеркәсіп кешенін ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйеде сақтандыру сыйақыларын 50 пайыз көлемінде субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау көзделді. Жүйеге сақтандыру жағдайлары басталған кезде төлемдердің кепілдігін қамтамасыз ететін халықаралық қайта сақтандыру компаниялары тартылды. Барлық сақтандыру процестері толығымен автоматтандырылған», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өсімдік шаруашылығы саласында сақтандыру өнімдері және алғаш рет мал шаруашылығында ірі қара малды сақтандыру бекітілді.

«Өнім мультитәуекелді болып табылады – тәуекелдер қатарына инфекциялық және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың қаскүнемдік әрекеттері, қауіпті табиғи немесе дүлей құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар – жарылыс, найзағайдың түсуі, тұншығу, жануарлардың шабуыл жасауы және басқалар кіргізілді. Мәселен, 2020 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарының қорытындылары бойынша астық егілетін 6 өңірде 115 мың гектар дәнді және майлы дақылдар сақтандырылды. Сақтандыру жағдайларының нәтижесінде 518,2 млн теңге төленді», - деді Сапархан Омаров.

Соңғы жаңалықтар