+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

2019 жылғы 11 шілде 10:44
Бөлісіңіз:
Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімінің өкімімен Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С.Тұяқбаев 1979 жылы туған. 2001 жылы Таяу шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Торонто университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттікте, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, ҚР Индустрия мен сауда министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

2011-2017 жылдары ОҚО әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2016 жылдың қазанынан - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы, 2017 жылдың қарашасынан «Kazakh Invest» ҰҚ басқарма төрағасы қызметінде еңбек еткен.

Әкімнің бұрынғы орынбасары Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT