+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сапарбаевқа Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды

2020 жылғы 1 сәуір 02:41
Бөлісіңіз:
Сапарбаевқа Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңірдің биылғы бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралды. ҚазАқпарат бұл туралы аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақ халқына мың алғыс» монументі бой көтерді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз қызметіне кіріскеннен кейін ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштерді өткен жылдың сәйкес кезеңінен төмендетпеу міндетін алға қойғаны белгілі. Алайда нақты факторларды ескере отырып, бұл орайда кейбір өндірістік көрсеткіштер бойынша төмендеу нәтижелер күтілуде. Оған экономика дамуының тежелуіне әкеп соққан коронавирус індетінің таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралар себеп болды деуге негіз бар. Дегенмен, басқа да факторлар жоқ емес.Олардың негізгілеріне – өнеркәсіп саласындағы «Қазфосфат» ЖШС сары фосфор шығаратын пешінің және Тараз бен Меркі ауданындағы қант зауыттары жұмыстарының тоқтағанын жатқызуға болады.

Жиында өңір басшысы бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың қосымша көздерін іздестіруді, соның ішінде 2,7 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын берешекке назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ ШОБ субъектілерін әкімшілендіруді күшейту, зейнетақы жарналары мен МӘМС жарналарының толық түсуін қамтамасыз ету, коммуналдық мүлік нысандарын түгендеуді аяқтау қажеттігі айтылды.

Тұрғындар экономиканың өсуін немесе құлдырауының басты көрсеткішін азық-түлік бағасы бойынша саралайды десек, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің 5-і бойынша баға өскендігі байқалса, ал, картоп құнының 20 пайыздан астам қымбаттауы тіркелген.

«Баға мониторингі бойынша мобильдік топтарды не үшін құрдық? Көкөніс, қант, яғни өзіміз өндіретін өнімдердің бағасы өскен. Ешкім бағаның қымбаттау себептеріне талдау жасамайды. Тиісті басқармалар тек ақпарат жинаумен және фактілерді анықтаумен айналысады. Неге фермерлердің қоймаларындағы азық-түлік қорына талдау жүргізбейсіздер? Олар өздеріндегі артық өнімдерін нарыққа шығару жолында жұмыс жасау керек. Бұл шараны қазір қолға алудың маңызы зор», - деді өңір басшысы.

Аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған Бердібек Сапарбаев оларды салық жинау жұмыстарын жылдың соңғы тоқсанына қалдырмауға шақырып, әртүрлі әлеуметтік төлемдердің мөлшері осы түсімге байланысты екендігін баса айтты.

Өңір басшысы жақын арада дағдарысқа қарсы шаралар үшін қосымша қаражат түсетініне назар аудартып, оның игерілуін он күн сайын бақылап отырудың маңыздылығын ескертті.

«Қандай компаниялар жұмысқа тартылатынын, оларда техника мен мамандардың бар-жоғын нақтылап алу қажет. Негізінен бұл қаражатты жергілікті компанияларды қолдауға бағыттау қажет. Жергілікті шикізат пен құрылыс материалдарын пайдалануға талдау жүргізу, кемінде 22 мың жұмыс орнын құру керек. Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізу қажет. Пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтару, суармалы егістікті ұлғайту және жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану мәселелеріне айрықша ден қойған абзал»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Басқосуда өңірде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруды жандандыра түсу керектігі айтылды. Дағдарысқа қарсы шаралар цифрландыру және заманауи технологияларды пайдалану, электрондық сауданы дамыту процесін одан әрі жылдамдатуға ықпал етуі мүмкіндігіне де көңіл бөлінді.

«Нысандар мен қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын күшейту керек. Қажет болған жағдайда бұл жұмыстарға әскери мамандарды белсенді түрде тарту қажет. Медициналық қызметкерлерге бір жолғы жәрдемақылар мен Үкімет тарапынан тағайындалған сыйақыларды уақытылы төлеуді әлеуметтік қызметтер барынша қарастыру керек», - деп түйіндеді өз сөзін Бердібек Сапарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT