Сапарбаев жезқазғандықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласында болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімі Жеңіс Қасымбек вице-премьерді қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы туралы хабардар етті.

Салынып жатқан 900 орындық жаңа мектептің құрылысын аралау барысында жезқазғандықтар суық су және жылуға қатысты мәселені шешіп еруді өтінді. Бердібек Сапарбаев пен Жеңіс Қасымбек бұл мәселелер шешіліп жатқанын жеткізді. «Қазақмыстың» балансында тұрған су құбыры шынымен тозған. Құбырлар 50 жылға жуық уақыт боуы ауыстырылмаған. Қазір қала құраушы компания есебінен сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу нұсқалары қарастырылуда.

«Өздеріңіз білетіндей, сіздердің мәселелеріңіз әрқашан Елбасы мен Мемлекет басшысының назарында. Жезқазған өсіп келеді, дамып, үлкен мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. Жаңа үйлер салынуда, спорт кешені, су тарату желілерінің, мектептің құрылысы жүргізілуде. Жолдарды жөндеуге қаражат бөлінді. Барлық мәселелер біздің бақылауымызда», - деді вице-премьер.

Ол сондай-ақ жезқазғандықтардың қалада дарынды балаларға арналған Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу туралы ұсынысын қолдады. Бұл мәселе Үкіметтің қарауына берілетін болады.

Бердібек Сапарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы еске салды. Ол көптеген жылдар бойы аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін «Қазақмыс» компаниясын атап өтті. Компания өзінің көп балалы қызметкерлеріне, сондай-ақ аз қамтылған қызметкерлер мен жас мамандарға пәтер сатып алады. Биыл 120 отбасы қоныс тойын тойлайды. Дәл осы жерде, Жезқазған қаласында, 2008 жылы Тұңғыш Президент бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін бірінші рет көтергені туралы сөз қозғалды. Көп балалы және көмекке мұқтаж отбасыларға барынша қолдау көрсетуде. Осылайша әлеуметтік жауапкершілік принципін қолдайды.

Облыс әкімі келер жылы қала бюджеті тағы 5 млрд теңгеге артатынын айтты. Бұл қаражат әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалатын болады. Жезқазғанда көп қабатты тұрғын үйлер салу көлемін арттыру жоспарланған. Келесі жылы Жезқазған-Қызылорда тас жолына жөндеу жұмыстары басталады. 2021 жылға Жезқазған-Қарағанды жолын қайта жаңарту жоспарда тұр.

Соңғы жаңалықтар