Сапарбаев орынбасарына: Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жиын болды. «Ақтөбе-Атырау» тасжолын салуда жергілікті құрылыс материалын пайдаланып, дайындықты күшейтуді қадағалаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарларына ұйықтамай жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Ақтөбе-Атырау» тасжолы салынады. Қазіргі кезде екі ірі мердігер компания анықталып, олар жергілікті құрылыс материалын өндірушілермен келісімшартқа отырып жатыр. Қиыршық тас, құм секілді материалдардың бәрі Ақтөбеден алынады. Сонымен қатар, Байғанин ауданының Қарауылкелді, Ноғайты, Темір ауданының Жақсымай ауылында теміржол тұйығы пайдаланылады. Яғни, құрылыс материалдары Шалқар ауданы, Ақтөбе қаласынан теміржол арқылы тасымалданады.

«Алда үлкен жұмыс күтіп жатыр. Біз бен сіз бар болғаны 2 айдың ішінде барлық құрылыс материалын дайындап үлгеруіміз керек. Сәуірде құрылыс басталады. Жол салушылар қыста барлық материалды жинап, техниканы түгендеу керек. Ал уақыты келгенде бәрін кедергісіз бастаған жөн. Бізде жол салушылар жетіспейді. Ал мемлекеттік сатып алу кеш өткізіледі. Сондықтан мердігер компаниялар өз қаржысымен жұмысты бастап кеткені жөн. Біз сіздерді еш уақытта алдамаймыз, қаржы бөлінеді»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ақтөбе-Атырау» жолын салуға Азия даму банкінен қаржы аударылады. Екі ірі мердігер компания анықталып, Әзербайжан мен Италия компаниялары жеңімпаз атанды. Жол құрылысы кезінде 780 мың тонна қиыршық тас қажет болады. Қазіргі кезде тас ұнтақтау құралдары кен орындарына құрылып, жұмыс басталды. Ірі құрылыс жұмысы басталған кезде қиындықтар туындап отыр. Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиевтің айтуынша, өңірде қиыршық тас бағасы қымбаттап кеткен.

«Кен бар, баяғы жұмыс атқарылып жатыр. Неге баға көтерілді? Бағаны реттейтін арнайы департаментке тапсырма беріп, қиыршық тас бағасын тексеруді тапсырамын. Ал Ақтөбеде шығарылатын қиыршық тас алдымен жергілікті қажеттілікті өтеуі тиіс»,- деді Б.Сапарбаев.
null 

Жиын кезінде өңір басшысы өз орынбасары Серік Төленбергеновтің жұмысын сынады. Халықаралық әуежайы бар Ақтөбеде шетелге ұшатын екі ғана әуе рейсі бар.

«Жұмыс көп, ал сен отырсың «ұйықтап». Әзірге ештеңе жасап жатқан жоқсың. Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар