Сапарбаев орынбасарын ауданға әкім етіп тағайындады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Байғанин ауданында әкім ауысты. Бұған дейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары болған Асқар Шериязданов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалған соң әлеуметтік салаға жауапты етіп Асқар Шерияздановты бекітті. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап күні бүгінге дейін облыс әкімінің орынбасары болған А.Шериязданов енді шалғайдағы Байғанин ауданын басқарады.

Айта кетейік, Асқар Шериязданов 49 жаста. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Мамандығы - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Кейін Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы №7кәсіптік-техникалық училищесінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы болып бастады.

«Әр жылдарда тілдер жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, әкімнің кеңесшісі, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры, облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды. «Батыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ бөлім бастығы, департамент директоры, Астана қаласындағы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алға ауданының әкімі қызметтерінде болды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Байғанин ауданының активіне жаңа әкім Асқар Шерияздановты облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев таныстырды.

Соңғы жаңалықтар