Сапарбаев мүгедек баласы бар жалғызбасты анаға уақытша баспана берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мүгедек баласы бар жалғызбасты ана Гүлмира Есбергеноваға уақытша баспана берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүгедек баласын жалғыз өзі асырап отырған Гүлмира Есбергенова 22-ақпан күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуіне барып, тұрмыс жағдайымен танысу үшін үйіне шақырған болатын. Ал 23 ақпан күні өңір басшысы Заречный-2 елді мекенінде тұратын мүгедек баланың тұрмысымен танысты . Бүгін Есбергеновалар бір бөлмелі уақытша баспанаға көшірілді.
null 

«Бізге Әуе қалашығы ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатынан уақытша пәтер берілді. Шағын отбасыға арналған жатақханадағы пәтерге ванна орнатылып, су жылытатын арнайы құрылғы қондырылып жатыр. Үйге қажетті төсеніш, керек-жарақ заттарымызды да әкелді. Қуанышымызда шек жоқ. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа, демеушілерге алғыс айтамыз. Енді қызымды үйде отырып жуындырамын. Дәретханаға шығумыз да жеңілдеді. Су бар, жылу бар. Асханада газ бар. Пәтеріміз бір бөлмелі. Ризамыз», - деді Гүлмира Есбергенова.
Айта кетейік, Гүлмира Есбергенова 2000-жылдардың басында Қызылорда облысынан Ақтөбеге қоныс ауданды. 2007 жылдан бері пәтер кезегінде тұр.
«Адамның күні адаммен. Қайырымды жандар көп. Қонысыңыз құтты болсын, бәрі жақсы»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Пәтер уақытша берілді. Кейін бұл отбасы өз кезегі келгенде әлеуметтік баспана ала алады.әл
null null 

Соңғы жаңалықтар