Сапарбаев: Міндетіміз — биыл кемінде 350 мың отбасын жұмыспен қамту

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ең кемінде 350 мың отбасы жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының әлеуметтік салада берген тапсырмалары қабылданған іс-шараларға сәйкес жүргізіледі. Ең бірінші атаулы әлеуметтік көмек кем дегенде 200 мың мұқтаж отбасына, 600 мың балаға төленетін болады. Міндет осы жылы 350 мың отбасын жұмыспен қамтамасыз ету», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол міндетті медициналық сақтандыру енгізу бойынша ақпараттарды өзектендіру, есепке алу, тұрғындардың мәртебесін анықтау жұмыстары жалғасын табады. Барлық өңірде құрылған жұмыс топтары, штабтар осы жұмыспен айналысады.

«Кеше сіздің тапсырмаңызға сәйкес барлық облыс әкімдерінің орынбасарларымен, басқарма басшыларымен осы жөнінде селекторлық мәжіліс өткізілді. Онда тағы тапсырма берілді. Әсіресе түсіндіру, дер кезінде мәлімет, ақпарат беру қатаң тапсырылды. Зейнетақы жүйесін реформалау тапсырмасына сәйкес 24 қаңтарда жұмыс тобының кезекті отырысы болды. Онда жол картасын қабылдау жөнінде тапсырма берілді», - деді Бердібек Сапарбаев.


Соңғы жаңалықтар