+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сапарбаев «Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолы құрылысының қарқынын арттыруды тапсырды

2020 жылғы 11 тамыз 01:30
Бөлісіңіз:
Сапарбаев «Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолы құрылысының қарқынын арттыруды тапсырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Шу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жолдар салу және жөндеу, сондай-ақ суармалы сумен қамтамасыз ету жайы басты назарға алынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде Елордадағы «бүкір көпір» опырылып құлады Алматыда үш скверде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Аймақ басшысы алдымен автожол саласындағы ең ірі жоба – Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 266 шақырымдық құрылысына ерекше назар аударды.

Қытайлық мердігер компания өкілінің айтуынша, жұмыстарға 500-ге жуық адам мен 271 техника жұмылдырылғанымен, бір қарағанда, бұл жерден ондай жұмысшылардың саны байқалмайды. Олардың дені зертхана, ұсақтау қондырғысына қызмет көрсету секілді бөлімшелерде еңбек етуде.

Бүгінгі таңда 18 шақырымға асфальт, 20 шақырымға негізгі жол жабындысы төселген. Жаңа асфальтбетон зауытын іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталыпты. Мердігер тас жолдың бір бағытын осы жылы аяқтауға берген уәдесін тағы да растады. Дегенмен аса сенімді емес десек те, олар тапсырманы орындау үшін бар күшін салмақ. Бердібек Сапарбаев №8 карьерде құм өндірудің рұқсат етілген көлемін ұлғайту мәселесін шешуге, сондай-ақ шетелдік мамандардың Қазақстанға кіруіне көмек көрсетуге уәде берді.

«Ауа райы суымай тұрғанда алдағы үш ай ішінде құммен байланысты барлық жұмыстарды аяқтап үлгеру үшін екі ауысымда еңбек ету қажет. Қандайда бір мәселе туындаған жағдайда аудан әкіміне тікелей хабарласыңыздар», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі індетпен күрестің қиын кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесіне де көңіл бөлді. Қытайлық инвесторлар қорғаныс костюмдері мен маскалар сатып алуға көмектессе, енді олар қайырымдылық қорына қаржы аударуға ниетті.

Қазан айының ортасында қуаты сағатына 140 тонна асфальт пен 150 текше метр қиыршық тас шығаратын «Standart Constraction» ЖШС асфальт-бетон зауыты жұмыс істей бастамақ. Құны 300 миллион теңге болатын нысанның құрылысында 40 адам тер төгуде.

Серіктестік басшысы Мұхамбеталы Шалқарбековтың айтуынша, битум өндіретін зауытты да іске қосу жоспарында бар екен. Бұл жобаны аймақ басшысы қолдайтынын білдірді, өйткені жергілікті жол құрылысында осы материалдың жетіспеушілігі туындап отырғаны жасырын емес. Ол осы тапшылықты шешуде негізгі тетік болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT