Сапарбаев Меркі-Бурылбайтал автожолының құрылысын келесі жылы аяқтауды тапсырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі-Бурылбайтал республикалық автожолының құрылысын 2021 жылы аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте айтылды. Басқосу барысында «Қазавтожол» ұлттық компаниясы филиалының директоры Өмірзақ Ерембаевтың айтуынша, ағымдағы жылы Мерке-Бурылбайтал республикалық автожолының бір бағыты бойынша құрылысы аяқталмақ. Ал, жол құрылысы толығымен 2022 жылы тапсырылуы тиіс.

«Ұзындығы 266 шақырым жол салу үшін бес жыл деген өте ұзақ мерзім. Бұл жолды 2021 жылы аяқтау керек. Ең бастысы – құрылыс барысында қаржыны уақытылы игеру, жоғары сапаға мән беру, жергілікті материалдарды пайдалану, жұмыс орындарын құру және жұмысшылардың жалақысын кідіріссіз төлеп отыру», - деді Бердібек Сапарбаев.

Жиында облыс орталығындағы жолдардың жайы да назарға алынып, Бердібек Сапарбаев бірінші кезекте Абай мен Қойгелді көшелерін ретке келтіруді тапсырды.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, Абай көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін, Қойгелді көшесіндегі жұмыстар 20 мамырға дейін аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар