Сапарбаев маусымдағы лаңкестік оқиға кезінде қаза болған азаматтардың анасы мен жұбайын құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев маусымдағы лаңкестік оқиға кезінде қаза болған азаматтардың анасы мен жұбайын Халықаралық әйелдер күні құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтаулар басталды. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 5 маусым күні лаңкестердің қолынан қаза болған зейнеткер Николай Онищенконың жұбайы Галина Онищенконы, Андрей Максименконың анасы Тамара Максименконы, Михаил Матросовтың жұбайы Светлана Матросованы мерекемен құттықтады.
null 

«Сіздерге ең бастысы денсаулық тілейміз. Жақыныңнан айырылу қиын, бірақ өмір жалғасады. Балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін бәріне шыдас берген жөн. Билік жат ағым жетегінде кеткендермен күрес жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады, тоқтамайды», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, 5 маусымдағы лаңкестік оқиға кезінде «Паллада» мен «Пантера» қару-жарақ дүкендерінде атыс болып, үш бейбіт тұрғын мен «Күзет» мекемесінде жұмыс істейтін Мейірхан Тәжібаев қайтыс болды. Сол кезде Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде 3 әскери қызметкер оққа ұшты.
null 

Лаңкестік оқиға кезінде қолына қару алып, оқ атқан 7 сотталушы өмір бойы, екеуі 20-22 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмысты жасырып қалған 18 сотталушыға 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілді.

Соңғы жаңалықтар