+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сапарбаев Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты ұсталғандардың туыстарымен кездесті

2020 жылғы 4 тамыз 12:01
Бөлісіңіз:
Сапарбаев Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты ұсталғандардың туыстарымен кездесті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың ата-аналары және туыстарымен кезекті рет кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Қаракемер және Сортөбе ауылдарында жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді.

Бердібек Сапарбаев ұсталғандардың туыстарының барлық өтініштерін мұқият тыңдап, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын және прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қаралатынын атап айтты. Ол барлық өзекті мәселелер Қазақстан заңнамасы аясында шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

«Біз болған қайғылы оқиғалар 11 адамның өліміне әкеліп соқтырғанын, екі жүзге жуық адам жарақат алғанын, азаматтарымыздың мүлкі зардап шеккенін ұмытпауымыз керек. Сіздердің барлық өтініштеріңіз қаралады, ұсталғандармен кездесулер мен телефон арқылы сөйлесулер ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын аяқтады, ол материалдармен тараптар таныстырылуы керек. Заңды бұзған және олардың кінәсі дәлелденген адамдардың бәрі жазалануы қажет екенін тағы да айтқым келеді. Барлығы заң бойынша болуы керек. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында», - деп атап өтті Сапарбаев.


Сонымен қатар, облыс әкімі жергілікті тұрғындармен болған әңгіме барысында мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп, жергілікті атқарушы органдар Қордай ауданындағы елді мекендерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

Мәселен, Қаракемер және Масаншы ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды абаттандыру мен салу үшін қосымша 3 миллиард теңге бөлінген. Тұрғын үйлер, спорт және балалар алаңдары, дәрігерлік амбулатория, мектеп, көшелер салынып, газ құбыры, сумен жабдықтау желілері тартылып жатыр.

Жүздесу соңында аймақ басшысы тәртіп пен заңдылықты сақтауға, түрлі арандатушылықтар мен жалған ақпаратқа бой алдырмауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT