+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Сапарбаев Көкшетауда өткен азық-түлік жәрмеңкесін аралап көрді

2019 жылғы 9 қараша 19:27
Бөлісіңіз:
Сапарбаев Көкшетауда өткен азық-түлік жәрмеңкесін аралап көрді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Көкшетау қаласында өткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің азық-түлік жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті Тараздағы жәрмеңкеде 54 тоннаға жуық өнім сатылды Биыл астанада 30 жәрмеңке өтіп, онда 7 мың тонна өнім ұсынылды - әкім

Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Астрахан, Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары 90,7 миллион теңгенің 97 тонна азық-түлік өнімін алып келіпті.

Оның ішінде 43 тонна ет және ет өнімдер, 4,5 тонна балық, 152 мың дана жұмыртқа, 7,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 16 тонна ұн, 20 тонна картоп пен көкөніс нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылды.


Жәрмеңкені аралап көрген вице-премьер оның ұйымдастырылуы мен азық-түлік бағасына назар аударып, тұрғындардан хал-жағдайын сұрап білді.


Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Ақмола облысының Зеренді ауданы және Көкшетау қаласында болып, Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT