Сапарбаев қиындыққа қарамастан айғайлап, көшеге шықпайтын мүгедектерге алғыс айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қиындықтарға қарамастан айғайлап, көшеге шықпайтын мүгедектерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Біз біргеміз!» атты әлеуметтік акциясы өтті. Аталмыш шара мүгедек жандардың өзге адамдармен тең дәрежеде өмір сүре алатынын, олар да қуанып, қоғаммен араласа алатынын көрсетуге бағытталған. 18 жылдан бері көктемде ел экономикасы мен мәдениетіне, спортқа үлес қосып жүрген белсенділер осы ортаға қонақ болып шақырылады. Олардың арасында отбасылы жұптар да бар. Арбаға таңылғандардың жігері мен табандылығына тәнті болған облыс әкімі бүгін өз алғысын жеткізді.

null 

«Дені сау адамдардан қалмай, қоғамға, мемлекетке өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздер қандай қиыншылық болса да шыдап, көшеге шықпай, айғайламай, шуламай мемлекет саясатын қолдап отырсыздар. Сол үшін сіздерге мың да бір рақмет. Мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін сіздерге қызмет көрсетуге біз міндеттіміз. Бәрі жақсы деп айтуға болмайды. Бірақ мүмкіндігінше қолдап, көмек көрсетеміз. Жұмыс әрі қарай жалғасады»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Акцияға сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қалалық орталығының 100-ден астам мүшесі шақырылып, оларға дастархан жайылды. «Атамекен» деп ым-ишарамен ән орындаған мүмкіндігі шектеулі жандар осы күнді асыға күтті. Олар бір ай бойы дайындалған. Бәрі І, ІІ-топ мүгедегі. Соған қарамастан, мәдени шарадан тыс қалмай, өнер көрсетуді бәрі бақыт санайды. Әлеуметтік акция кезінде 20 отбасылық жұпқа бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қонақ болған әрбір мүгедек жанға арнайы сый жасалды.

null 

Айта кетейік, облыста 24 мың мүгедек бар. Олардың 2 мыңы кәмелет жасқа толмағандар.

Соңғы жаңалықтар