Сапарбаев келісімшартты орындамаған қытайлық компания басшысының уәдесін алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында түрлі түсті металл, мұнай мен газ, хром өндіріп отырған компаниялардың кейбірі келісімшарт талаптарын орындамай отыр. Бердібек Сапарбаев игеріліп жатқан кен алдымен халық игілігіне пайдаланылуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланып отырған компаниялардың арасында ірі инвесторлар бар. Олар көбі мұнай-газ, металл, хром кендерін өндіреді.

«Жерасты байлығы халық игілігіне, экономиканың дамуына жұмсалуы керек. Әрбір жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа байланысты міндеттерін толығымен орындауы тиіс. Өкінішке қарай, кейбірі талапты орындап отырған жоқ. Талаптарды орындамаған 5 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт бұзылды. Жұмыс әрі қарай жалғасады. Тағы 8 компанияның жұмысы қаралып жатыр, ескерту берілді»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт бойынша инфляция деңгейі көтерілгенде жалақыны өсіруі тиіс. Ақтөбе облысы бойынша 20 компания жалақыны 10 пайызға, кейбірі 15 пайызға арттыратын болды. Ал «жағдайымыз жақсы емес» деген 12 компания жұмысшыларының еңбекақысын көтере алмайтын болды. Олардың қатарында мұнай, қиыршықтас компаниялары бар. Қазіргі кезде келісімшарттағы инвестиция тарту талаптарын орындамай отырған компаниялар: «Дидар», «АктөбеСтилПродакшн, «Темір Сервис», «Ақтөбе кен», «Кен Қазына» серіктестіктері. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев келісімшарт талаптарын орындамаған «Ада Ойл» компаниясының бас директоры Лим Кеон Мугті орнынан тұрғызды.

«Шын мәнінде біз міндеттерімізді орындай алмадық. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, резеруарымыз аз, сәйкесінше мұнай аз өндірілді. Экспорт азайды. Алғашында мұнайдың 70 пайызын экспорттауға келісім берілді, бірақ біз 40 пайызын экспорттап отырмыз. 2018 жылы міндеттерді толық орындауға уәде береміз»,- деді «Ада Ойл» компаниясының бас директоры Лим Кеон Муг.  
null

 Өңір басшысы соңғы 2 жылда келісімшарт талаптарын орындамай отырған компания жұмысы қадағалауда болатынын, орындалмаса екі арадағы байланыс үзілетінін жеткізді. 

null 

Соңғы жаңалықтар