Сапарбаев: Дүниеде қазақ сияқты қуғын-сүргін қасіретін көрген ұлт аз

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде репрессия құрбандарына арналған халықаралық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Қарағанды, Талдықорған, Семей, Орал, Жезқазған, Қызылордада өткен форум биыл Ақтөбеде ұйымдастырылды. «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық форумына Литва, Польшадан сарапшылар қатысты.

«Дүниеде қазақ сияқты қуғын-сүргін қасіретін көрген ұлт аз шығар. 10 жылдың ішінде қазақтың тең жартысы қырылды. Бірақ олардың барлығының көкірегінде, ойында ұлтымның, елімнің азаттығы, болашағы деген арман болды. Қазіргі ұрпақтың негізгі міндеті соларды ұмытпай, насихаттау. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 31 мамыр күні қуғын-сүргін, ашаршылық кезінде қайтыс болған азаматтарды еске алып жүрміз. Бұл біздің тарихымыз, болашақ ұрпақ тәуелсіздіктің қалай келгенін, Қазақстанның дамуын білуі тиіс. Ата-бабадан келе жатқан қонақжайлылық қасиетіміз бар. Сол жылдары қазақтар аш отырса да нанын көшіп келген украин, неміс, татар, кәріс, шешендерге бөліп берді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Халықаралық форум кезінде ХХ ғасырдың 30-40 жылдардағы поляктардың депортациясы, репрессия кезіндегі жерлерді сақтау, зерттеу, халықтарды күштеп қоныс аудару тарихы айтылды.

«Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының шерлі шежіресіне үңілер болсақ, өткен ғасырдың 30 жылдарында ел-жұртымыз көрген құқайдан адамның төбе шашы тік тұрады. Ресми деректерге сүйенсек, еліміз бойынша барлығы 100 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сол кезде елде 11 лагерь орналасты", - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова.
null

Конференция кезінде «Депортация тарихынан. Қазақстан. 1939-1945 жж» деректі жинағының үшінші томының тұсауы кесілді. 

Соңғы жаңалықтар