Сапарбаев: Баланы саудаға салуға болмайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспанасы суда қалып, оқулығына бола уайымдаған 10 жастағы Махаббат Ешімова туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы су тасқыны кезінде Махамбетовка ауылының тұрғыны Махаббат Ешімованың жылап, ызаланып, өкпе-назын білдіргені туралы бейнематериал интернетті шулатты. Кейін жергілікті әкімдік М.Ешімованың мектепте оқып жүргенін, қажетті көмек көрсетілгенін айтты. Бірер аптадан соң Ешімовтер әулетіне алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген үш бөлмелі пәтер сыйлады . Бүгін су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған ақтөбеліктерге пәтер кілтін сыйлаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жылап, ашумен елді шулатқан Махаббат Ешімоваға қатысты өз пікірін айтты.

«Баланың әке-шешесі не үшін керек? Баланы саудаға салуға болмайды. Бүкіл Қазақстанды шулатты. Адамда намыс, ұят деген болуы керек қой»,  - деді өңір басшысы Б.Сапарбаев.

Бүгін «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы көпқабатты үйден пәтер алған Талғат Лепесовтің баласы Ислам жылап, елді шулатқан Махаббат Ешімовамен бірге оқиды екен. 

«Біз де білеміз дәл солай шырылдауды. Бірақ оған бармаймыз. Ислам деген баламмен екеуі бір класта оқыды. Мұны жылатпаймыз, неге жыламатыз?» - деді Нұргүл Бақытова. Олардың айтуынша, Махаббат Ешімованың баспанасы құламаған. Бірақ оқушы қыз су тасқыны кезінде қираған Лепесовтердің үйінің жанында суретке түскен.

Соңғы жаңалықтар