Сапарбаев Ақтөбе облысы өндірістерінде жарақат алу деңгейі қалай төмендетілетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 20 кәсіпорынды технологиялық жаңғырту есебінен өндірісте жарақат алу деңгейі 10 пайызға төмендетілмек. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі өңірде кәсіпорындарды жетілдіруге арналған «Жол картасы»  бекітілгенін, оның аясында аймақта 15 өндіріс жаңғыртылғанын, олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «KMK Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АХҚЗ» АҚ және басқа да өндірістер енгенін атап өтті.

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы 5 нысан бойынша технологиялық жетілдіру жұмыстары аяқталады. 20 кәсіпорынның технологиялық жаңғыртылуының жалпы құны 20 млрд теңгені құрайды. Бұл шара еңбек өнімділігін 9 пайызға арттырады, өнімнің өзіндік құны мен қайта өңдеу шығындарын 3 пайызға, жарақаттану деңгейін 10 пайызға төмендетеді, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсартады және жаңа желілерді іске қосу арқылы шығаратын өнімдердің түрлерін кеңейтеді.

Алдағы бес жылда облыстың кәсіпорындарының жабдықтар мен үдерістері кемінде 400 млрд теңгеге жетілдіріледі.

Соңғы жаңалықтар