Сапарбаев АӘК тағайындағанда қажетсіз құжаттар сұрайтын мамандар бар екенін мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып, асығыстық танытудың қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтандағы бірнеше жұмыспен қамту орталығына барғанымды өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Өкінішке орай алғашқы күндері, әсіресе, бірінші онкүндікте кезек болды. Біз бірнеше мәрте барлығының бірден баруының қажеті жоқ екендігін айтқан да едік. Құжаттарды тағайындау және қабылдау оның сәуірдің 20-ында әлде 29-ында тапсырылғанына қарамастан бір ай бойы жүргізіледі», - деді ол.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында тек жеке куәлік қана қажет етілетіндігін баса айтты.

«Қажетсіз құжаттарды талап етуге қатысты айтар болсам, өкінішңке орай ондай мамандар бар. Алайда, біз бірнеше мәрте тек жеке куәлік талап етілетіндігін айтқан едік. Дегенмен, өзім барған кезімде мұндай келеңсіздіктерді анықтап, жұмыспен қамту орталықтарының басшылығына, әкімдіктерге олардың қажетсіз құжаттарды талап етпеуін тапсырдық», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар