Сап түзеген полицейлер «Мен қазақпын» әнін орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Фейсбуктегі сап түзеген полицей қызметкерлерінің «Мен қазақпын» әнін орындаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоға қарағанда, полиция қызметкерлері 23 маусым күні өтетін төл мерекелері Полиция күніне дайындалып жатқан сыңайлы. Өйткені, олар ән мәтінін қағазға шығарып алып не болмаса ұялы телефондарынан оқу арылы ыждағатпен жаттап жатқандықтары байқалады. Видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 7 мамыр күні Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының аумағында өтетін жауынгерлік парад барысында «Мен қазақпын» әнін бір мезетте 3 мың сарбаз орындаған болатын. 

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңмен тығыз байланысты. Заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады.

2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.

 

Соңғы жаңалықтар