Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар арасында әлем чемпионы, 19 жастағы С. Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзінен бір жас үлкен өзбекстандық Шодиоржон Меликузиевпен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының финалында Санжар басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші раундта төрешілердің үшеуі қазақстандық боксшыны басым деп тапты. Екінші кезең соңында Санжар қарсыласын нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді – 4:1.

С. Тәшкенбайдың келесі қарсыласы – жапониялық Аратаке Казума. Өткен жылы Санжар оны ересектер арасында Азия чемпионатының финалында ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан үшінші болып Қамшыбек Қоңқабаевтың ширек финалға өткенін жазған едік.

Сондай-ақ, Қытай қазағы бокстан әлем чемпионатында екінші рет жеңді.

Ал, Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар