Санжар Тәшкенбай әкесіне темір тұлпар мінгізді

None
Видеодан алынған кадр/instagram.com/tashkenbay_sanzhar
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай әкесіне сыйлық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бокс федерациясынан хабарлағандай, Санжар Тәшкенбай бүгін федерация президентінің ақшалай сыйақысына көлік алып, оны әкесіне сыйға тартқан.

«Спорттағы мотивация бірі деп осыны айта аламыз. Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көліктің кілтін табыстады. Біздің спортшылардың барлығы қарапайым отбасынан шыққан. Бірақ оларға жоғары деңгейде қолдау көрсетілсе, түпкілікті мақсат лайықты нәтижеге ие болады» деп мәлім етті федерациядан.

Айта кетейік, таяуда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем чемпионатында жүлдегер болған боксшыларға және олардың бапкерлеріне, сондай-ақ аналарына $600 мың сыйлаған болатын.

Санжар Тәшкенбай мамыр айында Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар