Санжар Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Санжар Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Мен әкімдіктен екі ай бұрын кеттім. Өзіме жұмысым, ұжымымы ұнайтын. Алайда, адамға одан әрі даму керек. Қала әкімі Бауыржан Байбекке менің шешіміме түсінікпен қарағаны үшін алғысымды білдіремін. Ол басында менің шешімімді қабылдамап еді. Кейін өзіме сенімділігімді көріп мақұлады. Шынын айту керек, аса сенімді болмадым. Бір компанияда жүріп, екіншісіне ауыстым. Бүгін «ҚазТрансГаз» басқарма төрағасының кеңесшісі атандым. Бұл - 7 млн. қазақстандықты көгілдір отынмен қамтып отырған ірі компания. Мұнда 13 мыңнан астам адам тер төгіп жүр. Қазіргі таңда компания үлкен өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Компанияның бизнес процестерді қабылдауы менің білімі мен тәжірибемді арттырады ден сенемін», - деді ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында.

33 жастағы Санжар Боқаев - Колумбия университетінің түлегі, Ломоносов атындағы ММУ-ды және РФ Президенті жанындағы Ресейлік мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. Саясат ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдарда президент жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істеп, оқытушы болды. Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының бөлім басшысы орынбасарының қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар