Саны бар, сапасы жоқ – Аймағамбетов мектептегі компьютерлер жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов статистика мен көрсеткіштер «бәйгесінің» салдарынан мектептердегі компьютерлердің ескіріп бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні статистикаға сүйенсек, мектептерде компьютер көп секілді көрінеді. Бірақ олардың саны бар, сапасы жоқ. Өйткені компьютердің көбі ескі. 2000-2005 жылдары алынған компьютерлер де бар. Бірақ олар ешқайда сызып тастап, жіберілмейді. Неліктен? Өйткені бізге статистика мен көрсеткіштерге сүйену керек. Сондықтан заңнама бойынша бес жылдық мерзімді ғана қарастырып, бекітсек жөн болады. Бес жылдан бері қолданылып жүрген компьютерлерді қарап, ескілерін статитистикаға қоспауымыз керек. Ондай көзбояушылықтың ешкімге керегі жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министр сонымен қатар мектептерге Wi-fi қосу жұмысы да баяу жүргізіліп жатқанын жеткізіп, мәселені бақылауға алуға тапсырды.

Айта кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов мектептерге интернет қызметін қосатын провайдерлердің қызметін сынға алған болатын. Министрдің айтуынша, мектептерге интернет қызметін қосатын провайдердің тарифі өте қымбат.


Соңғы жаңалықтар