+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

2021 жылғы 10 сәуір 16:15
Бөлісіңіз:
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Ресей ұлттық кітапханасында қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылуы салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР-дың Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы «Ата-Мекен» қазақ қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бас консулдықтан мәлім еткендей, көрмеге Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен байланысты әлемнің түрлі тілінде жарық көрген 100-ден астам басылым қойылды.

Кітапхана басшылығы ұйымдастырылып отырған шараның екіжақты әріптестікті нығайту және кеңейтуде маңызы зор екенін атап өтті. Аталмыш шара петербургтік оқырмандарға Қазақстан халқының мәдени мұрасымен және рухани байлығымен таныстыру мүмкіндігін ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT