Санкт-Петербургте ҰҚШҰ әскери комитетінің отырысы өтті

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі әскери комитетінің 15-ші отырысы Санкт-Петербург қаласында өтті. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Отырысқа Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан елдерінің Бас штаб бастықтары, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары мен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы қатысты. Қазақстан тарапынан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-майор Мұрат Бектанов болды.

Қатысушылар 2020 жылға арналған әскери саланың басым бағыттарын талқылап, оларды іске асырудың шараларын қарастырды. Одан басқа ұжымдық қауіпсіздік аумақтарындағы әскери қауіпсіздіктің сын-қатерін сараптады.

Тараптар «Жауынгерлік достастық - 2019» біріккен ауқымды оқу-жаттығуын өткізу қорытындыларымен бөлісіп, ұжымдық күштерді басқаруды жетілдіру мен ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Қарулы Күштеріне қарасты авиациялардың халықаралық ұшуларына қатысты мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасып, сонымен қатар, ұжымдық күштердің мүддесіне қатысты материалдық қаражат запасын құру талқыланды. Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі 2021-2025 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықты дамыту жоспарын құру болды.

Генерал-майор Мұрат Бектанов қазақстандық тарап ұйымның болашағына айтылғандарды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтып және күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты қорғаныс ведомствосының позициясымен бөлісті.

«Біз үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған бірлескен іс-шаралар маңызды болмақ. Сонымен қатар қауіпсіздік сұрақтары бойынша ақпарат пен пікір алмасуды жалғастыру сөзсіз қажет», - деді ол.

Санкт-Петербург қаласына сапары аясында делегация басшылары «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ленинград шайқасы мұражайының экспозициясын көрді және Ленинград шайқасының құрбандары мен Ленинград майданының жауынгерлерін жаппай жерлеу орындарының бірі – Пискарев ескерткіш зиратына барды.

Соңғы жаңалықтар