Санкт-Петербургте шағын құрамда ЖЕЭК отырысы өтті

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Санкт-Петербургте шағын құрамда Жоғары еурзиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

РФ Президенті Владимир Путин кездесуді аша отырып, алдағы жұмыстың конструктивті сипатқа ие болатынына үміттенетінін жеткізді.

В. Путин ЖЕЭК құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕАЭО құруға бастамашылық еткені үшін алғыс айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, бізде барлығы жақсы жүріп жатыр. Бүгін сізді Петербургте құрметті төраға ретінде қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымын», - деді ол Елбасыға.

«Әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Бұл түрлі шектеулер мен алып тастаулармен байланысты болып отыр. Бұл кез келген экономикалық интеграциялық бірлестіктерге қатысты екенін атап өтейін. Сізбен бірге осы шектеулерді жою бағытына қарай әрекет етіп келеміз», - деп атап өтті В.Путин.

Сондай-ақ, ол бүгінгі отырыс барысында алдағы кезеңге Еуразиялық экономикалық комиссия басшылығын сайлау мәселесі қаралатынын айтты.

Саммит жұмысына Беларусь, Қырғызстан және Ресей президенттері - Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков және Владимир Путин, сондай-ақ Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.

Қазақстан тарапынан ЖЕЭК Құрметті төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барды. Бұдан бөлек, ЖЕЭК кеңейтілген отырысына Молдова Президенті Игорь Додон қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар