+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Санкт-Петербург мамандары Ұлттық музейде біліктілік арттыру курсын өткізді

2019 жылғы 30 қазан 22:38
Бөлісіңіз:
Санкт-Петербург мамандары Ұлттық музейде біліктілік арттыру курсын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының оқытушылары қазақстандық мамандарға арнап біліктілік арттыру курстарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курсқа лектор ретінде шақырылған педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Людмила Шляхтина мен институттың аға оқытушысы Наталья Гаршина Қазақстан музейлерінің экскурсовод мамандары мен гидтеріне және туризм саласындағы өзге де мамандарға арнап дәріс өткізіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Қатысушылар үш күн қатарынан музеология негіздері, музей педагогикасы, экскурсияның теориясы мен практикасы туралы мол мағлұматтар алды.

«Біліктілік арттыру курсы кезінде мамандар қала кеңістігінде экскурсия жүргізу әдістерімен, ішкі және сыртқы туризм менеджментінің ерекшеліктерімен және гид-аудармашылардың жұмысына қойылатын жаңа талаптармен танысты», - деді отандық туризим компаниясының өкілі Салтанат Әбжанова.

Жаңа идеяларға, тың бастамаларға толы болған біліктілік арттыру курсын алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде де ұйымдастыру жоспарланған.

«Санкт-Петербургтің мамандары өткізген біліктілік арттыру курсы көңілімізден шықты. Туризм саласындағы жұмысымызға жаңа идеялар берді. Менің ойымша мұндай шаралар жиі ұйымдастырылуы қажет. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында осы мамандардың қатысуымен экскурсоводтар мен гидтерге арнап, арнайы білікттілік арттыру курсын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мамандардың өзара осылай тәжірибе алмасып, әріптестік аясын кеңейте бергенін өз басым қолдаймын», - дейді ШҚО туристік ақпараттық орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Сымбат Рамазанов.

Айта өтейік, қазақстандық мамандарға біліктілік арттыру курстарын өткізу отандық музейлердің сұрауы бойынша алдағы уақытта жиі өткізіліп, шетелдік музей ісінің майталман мамандарымен байланыс нығая түспек.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT