Санкт-Петербордағы «Петерфуд-2015» көрмесінде қазақстандық өнімдердің сапасына жоғары баға берілді (ФОТО)

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 18-20 қараша күндері Санкт-Петербордағы «ЭКСПОФОРУМ» конгрестік-көрме орталығында «Петерфуд-2015» атты 24-ші халықаралық азық-түлік көрмесі өтті.

Көрмеде қазақстандық өндірушілердің өнімдері «KAZNEX INVEST» АҚ-ның белсенді қолдауымен Бірыңғай ұлттық стенд форматында ұсынылды.

Өнімі «Петерфуд-2015» көрмесінде ұсынылған «Рахат» АҚ-ның Санкт-Петербордағы өкілі Анастасия Сычеваның пікірінше, қазақстандық кондитерлік өнімдер Санкт-Петербор, Ленинград облысында, сондай-ақ Ресейдің солтүстік-батысының басқа қалаларында да үлкен сұранысқа ие.

«Санкт-Петерборда біздің компаниямыздың үш фирмалық дүкені ашылған. Ғаламтор дүкені жұмыс істеуде, біздің өкілдігіміз федералдық және аймақтық маңызы бар желілік дүкендерде қазақстандық өнімнің ассортиментін арттыруды жоспарлап отыр», - деп бөлісті ол компанияның табыстарымен.

Көрмеде сүт өнімдерін ұсынған «Лидер 2010» ЖШС-нің сату бойынша директоры Дмитрий Редькин де ресейлік тұтынушының қазақстандық сүт өнімдерінің сапасына жоғары баға беріп отырғанын атап өтті. «Қазақстандық кәсіпорындардың сүт өнімдері Челябі, Курган, Сведловск, Түмен, Самара, Орынбор облыстарында, сондай-ақ Татарстан, Башқұртстан және Марий Эл республикаларында жақсы танылған», - деді Д.Редькин. «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Новосібір қаласындағы бас өкілі Әнуар Бейсековтің түсіндіруінше, осындай көрмелерге компаниялардың бірінші тұлғалары қатысады, бұл әлеуетті серіктестер арасында келіссөздер және келісім үрдістерін айтарлықтай жеңілдетеді.

Соңғы жаңалықтар