Санкт-Петерборда өткен концертте қазақ халқының танымал туындылары орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда ТМД ПАА штаб пәтері болып табылатын Таврический сарайында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдениет күндері аясында Қазақстан Парламентімен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы өнер шеберлерінің концерті болып өтті.

Қазақстандық әртістер ТМД елдерінің парламентшілерінің назарына ауқымды концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Екатерина залында «Көк түріктер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен сондай-ақ халықаралық байқаулардағы лауреаттардың орындауында қазақ халқының танымал туындылары орындалды», - деп хабарлады Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен. Концерт бағдарламасына сондай-ақ тәжік, молдаван, қырғыз және армян халықтарының фольклорлық композициялары енді. Бұдан басқа, қазақстандық әртістер кеңестік композиторлардың «Беловежская пуща», «На безымянной высоте», «Город над вольной Невой» және тағы басқа әндерін шырқады. Еуропа классикасын жетік білетіндер қазақстандықтардың орындаған опера арияларын тиісті деңгейде бағалады. Қазақстан Республикасы өнер шеберлерінің концерті бұл күндері Санкт-Петерборда өткен парламентаралық шараларды аяқтады.

Соңғы жаңалықтар