Санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз – АҚШ Елшісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Ресейге қатысты санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейдің іс-әрекетін өзгерту үшін осы санкция шараларын қабылдағанымызды айтқым келеді. Мұнда бір нәрсені атап өту керек: олардың біздің сайлауға және мемлекеттік ақпаратқа араласу сияқты әрекеті болды. Бірақ Қазақстанға қатысты бұл санкциялардың міндетті салдарын болдырмау үшін біз Қазақстанда жұмыс істедік және жұмыс істей береміз де. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз», - деді У. Мозер АҚШ елшілігінде өткен брифингте тілші сұрағына берген жауабында.

Бұған дейін елші Қазақстан мен АҚШ арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар туралы пікір білдірген еді.



Соңғы жаңалықтар