Санкциялардың Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталатын мұнайға қатысы жоқ – АҚШ министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейге салынып жатқан санкциялардың Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы экспортталатын басқа елдердің мұнайына қатысы жоқ. Америка Құрама Штаттары Қаржы министрлігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий құбыр консорциумы сияқты тарату жүйелері шикі мұнайды түрлі көздерге бөліп тарата алады. Яғни, Ресейден тыс өндірілген шикі мұнай жеке сатылып, тиелуі керек. 8 наурыздағы АҚШ-қа белгілі бір тауарларларды импорттауға салынған тыйым Ресей Федерациясында өндірілгендерге ғана қатысты. Яғни, Ресейден тыс өндірілген тауарлар тіпті транзит бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалданған күннің өзінде немесе Ресейден тасымалданған күннің өзінде бұл тыйымға кірмейді», - деп жазылған АҚШ Қаржы министрлігінің сәрсенбідегі мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Қазақстанның мұнай экспортындағы негізгі инвестордың бірі «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директоры Майкл Уирт те Каспий мұнай құбыры арқылы тасмалданатын мұнай импорты туралы пікір білдірді.

«Бізге ешбір елдің үкіметінен Каспий құбыр консорциумының жұмысы үзілуі мүмкін екені туралы нұқсау келіп түскен жоқ. Бізде Каспий құбырынан басқа Ресей немемес Украинамен еш байланысымыз жоқ», - деген Майкл Уирт.

Еске салсақ, АҚШ Президент әкімшілігі ресейлік энергия тасымалдаушылардың импортына тыйым салған болатын. Ол тыйым Ресей мұнайы мен газы, көмірі кірді.

Статистика бойынша Қазақстан мұнайының 79 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталады. Ресейлік Neftegaz.ru сайтының жазуынша, 2021 жылы бұл құбыр арқылы 60,7 млн тоннадан астам мұнай экспортталған. Оның 53,07 млн тоннасы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Теңіз кен орнынан – 26 579 365 тонна, Қашағаннан – 15 743 555 тонна, Қарашығанақтан – 10 285 250 тонна экспортталған.


Соңғы жаңалықтар