Санкция салу саясаты жаһандық ауқымдағы еркін сауда қағидатын жоққа шығарады - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан санкция салу саясатының жаһандық еркін сауда және еркін рынок қағидатына қайшы келетінін алға тартады. Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстан санкция салу саясатының жаһандық еркін сауда және еркін рынок қағидатына қайшы келетінін алға тартады. Еске сала кетейін, халықаралық қатынастардағы мұндай тәжірибе тарихта ешқашан да нәтижелі болған емес. Бұндай шара сөзсіз жаһандық экономикалық өсімді тежейді, жаһандық әділ энергетикалық жүйені қалыптастыруға кедергі болады», - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік саясатта сенімділік деңгейінің төмендеуі - аса қауіпті құбылыс. «Өйткені, ХХІ ғасырдағы сенім - бұл өте-мөте экономикалық категория. Сенім жоғары болған сайын, әлемдік экономиканың ауқымды өсу мүмкіндігі де зор бола түседі», - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар