Санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жалғасуы тиіс – Үкімет басшысы
2021 жылғы 16 қараша 09:28

Санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жалғасуы тиіс – Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында елдегі санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жасауды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалардағы орын - 30 пайызға, ал реанимациялық орындар 27 пайызға толық. «Қызыл аймақта» 2 өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр, 5 өңір – сары аймақта, 10 облыс - жасыл аймақта», - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, Еуропаның бірқатар елдерінде коронавирус инфекциясының таралуы жалғасып жатыр.

«Сондықтан санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету шаралары және оларды мониторинг топтарының бақылауы жалғасуы тиіс», - деді Асар Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару ұсынысын қолдады.

«Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар адамдардың өздерінің таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуді, және ревакциналаудың қаңидаларын сақтауды сұраймын», -деді Асқар Мамин.


Jańalyqtar

MURAǴAT