Санитарлық дәрігерлер Жаңажол кен орнындағы жұмыскерлердің жаппай улану фактісін растамай отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметінде 2015 жылдың 22 маусымында Жаңажол вахталық кентінде төрт жұмыскердің улануы туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«2015 жылдың 22 маусымында Жаңажол вахталық кентінде орналасқан «Медикер-ПМ» ЖШС-нің дәрігерлік амбулаториясына сағат 6:10 мен 10:35 аралығында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бөлімшелерінің үш қызметкері мен «СНПС-АТК» ЖШС-нің 1 қызметкері ішек ауруына шағымданып келді. Олардың екеуі тұрғылықты жері бойынша қаралу үшін Мұғалжар аудандық ауруханасына, басқалары облыстық ішек аурулары ауруханасына жіберілді. Облыстық ауруханаға барған азаматтар қаралудан кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне қоя берілді. Мұғалжар аудандық ауруханасында қызметкерлердің бірін инфекционист дәрігер қарап, диагнозды растаған жоқ. Қазіргі уақытта ол жұмыс орнына оралды. Мұғалжар аудандық ауруханасына жіберілген екінші қызметкер қаралудан кейін «ішек инфекциясы» диагнозымен ем қабылдап жатыр», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

2015 жылдың 22 маусымында Жаңажол кент орнына облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің комиссиясы шықты. Бүгін ведомство басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның хабарлауынша, барлық оқиғалардың бір-бірімен байланысы жоқ, сондықтан жаппай улану туралы айтуға себеп болмай отыр. Бұдан басқа, оның айтуынша, медициналық мекемеге шағымданып келген адамдардың екеуі ораза ұстаған. Олардың ішек ауруымен сырқаттануларына аймақта бірнеше күн бойы орын алған аптап ыстыққа ағзаларының реакциясы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар