Саниавиация ұшағының апатын тергеу неліктен ұзаққа созылып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестиция және даму министрлігі 2017 жылы болған санитарлық авиация ұшағының апатқа ұшырауына байланысты басталған тергеу ісінің неліктен созылып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда санитарлық авиция рейсін орындаған  Ан-28 ұшағына қатысты күрделі техникалық сараптама жалғасып жатыр. Біз оны мемлекетаралық авиациялық комитетпен бірлесіп өткізудеміз», - деді ҚР  Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр.

Оның айтуынша, борттың «қара жәшігінен» ақау табылған.

«Онда өздігінен жазатын құрал әуел бастан болмаған. Бұл жағдайды математикалық тұрғыдан модельдеу керек. Бізде ұшақтың төменге қарай түсіп, жерге қона бастағаны туралы радардан берілген мағлұматтар бар, соны пайдаланамыз», - деді Р. Скляр.

Сондай-ақ, вице-министр апатты жағдай туралы экипаж байланысқа шықпағанын жеткізді.

«Апатты жағдайда тұрғанын мәлім етпей, әуежайдын маңындағы далаға қонған», - деп атап өтті вице-министр.

Еске салайық, 2017 жылы 3 қазанда Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, өртеніп кетті. Борттағы дәрігерлер Түркістан облысында ауыр жағдайда босанатын әйелге жедел көмек көрсету үшін Алматыдан Шымкентке аттанған. 

Соңғы жаңалықтар