Сандықтаулықтар су тасқынына әзірленіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде күн күрт жылынады деп күтілуде. Бұған қоса қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Осының салдарынан қар еріп, өзен және көлдердегі судың деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.

«2019 жылғы 4 сәуірдегі жағдайға байланысты Сандықтау ауданы аумағындағы 50 метр арық пен арна тазаланып, 20 метр инертті материал төселді және бір көше тазартылды. Бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар, ТЖД жеке құрамынан 10 қызметкер және 4 арнайы техника жұмылдырылды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Ақмоланың кейбір аудандарында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр. Облыстың Көкшетау, Степногор қалалары мен Біржан сал, Ерейментау, Шортанды, Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Егіндікөл аудандарында жағдай тұрақтанды.

Соңғы жаңалықтар