Сандықтауда су тасқынынан зардап шеккен балаларға көмек көрсетілді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардағы балаларға 500 мың теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жолы республикалық «Асыл бала» қауымдастығы көмек қолын созып отыр. Қауымдастықтың атқарушы директоры Гүлзат Асанованың айтуынша, 43 балаға кимі-кешек, кеңсе тауалары тәрізді алдағы оқу жылына қажетті жалпы көлемі 500 мың теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетілген.

«Біз тасқын судан зардап шеккен отбасылардағы балаларға көмек ретінде 13 миллионов теңге қаржы бөліп отырмыз. Оның 6 миллионға жуығын Ақмола және Қарағанды облыстарына үлестірдік. Жақында ғана көмек Атбасар қаласындағы балаларға берілді. Қалған ақшаны жыл соңына дейін қайырымдылық көмек ретінде үлестіреміз. Оның ішінде негізгі бөлігі жаңа оқу жылына дайындыққа бөлінбек», дейді Гүлзат Асанова.

Соңғы жаңалықтар