Сандықтау ауданында мектеп жанынан шағын орталық ашылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданының Краснополянск ауылында шағын орталық ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Орта мектеп жанынан ашылған «Аққу» шағын орталығының құны 1 миллион теңгені құрап отыр. Бұл қаражат республикалық бюджет есебінен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген. Аталған шағын орталықта 40-қа жуық бала тәлім-тәрбие алатын болады.

Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлмар Қадырова және ауыл тұрғындары қатысып, құттықтады.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Сандықтау ауданында мектеп жанынан ашылған барлығы 35 шағын орталық жұмыс істейді. Аудан басшыларының сөзіне қарағанда жақын күндері Речное ауылында осындай орталық ашу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар