+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сандықтау ауданында көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

2021 жылғы 12 мамыр 22:57
Бөлісіңіз:
Сандықтау ауданында көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

САНДЫҚТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданының орталығы – Балкашин ауылында 45 пәтерлі және екі 36 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Риддерде өрттен зардап шеккендерге жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды Жамбылда ерікті жастар мұқтаж отбасына үй салып берді Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын мердігер «Қазбалық-Астана» серіктестігі қолға алған.

«Өткен жылы облыстық бюджеттен 31 миллион теңге бөлінді. Оған жер телімін өңдеу және нысанның ірге тасын орнату жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы толық көлемде игерілді. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 200 миллион теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар қызу жүріп жатыр, ғимараттың қабырғалары кірпіштен қалануда», – деді аудан әкімдігі.

Сонымен бірге, Балкашин ауылында тағы екі 36 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта іргетастарды монтаждау жұмыстары қолға алынған. Нысандарды қаржыландыру-республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сандықтау ауданындағы құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 48,2 миллион теңгені құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT