Сандықтау ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 8 нысан іске қосылды - вице-министр С.Жақыпова

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - "Өткен жылы Сандықтау ауданында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 8 бірдей нысан іске қосылды. Оның ішінде техникалық байқау орталығы әлемдік стандартқа сай жұмыс істеуде", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жергілікті селолық округтердің әкімдері мен халықты жұмыспен қамту бөлімдерінің қызметкерлеріне "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды іс тәжірибеде қолдануды түсіндіру мақсатында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Көкшетау қаласы мен Бурабай, Зеренді аудандарындағы ауылдық, селолық округтер мен кент әкімдері және халықты жұмыспен қамту бөлімдерінің қызметкерлері емтихан тапсыратын болады. Онда олардың осынау мемлекеттік бағдарлама жөнінде қанша сауатты екені анықталмақ. Ең алдымен бүгін халықты жұмыспен қамту бөлімдерінің қызметкерлері емтихан тапсыратын болса, ертең ауылдық, селолық округтер мен кент әкімдері сыннан өтіп, өздерінің білім деңгейлерін байқайды.

С.Жақыпованың айтуынша, Ақмола облысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Әсіресе, бұл жұмыстар Атбасар және Сандықтау аудандарында дұрыс жолға қойылған көрінеді.

"Өткен жылы Сондықтау ауданы бойынша "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 8 бірдей нысан іске қосылған. Оның ішінде техникалық байқау орталығы әлемдік стандартқа сай жұмыс істеуде. Бүгінгі өткізіп жатқан тренинг семинарымыз ауыл, село әкімдері мен халықты жұмыспен қамту бөлімдері қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру. Олар бүгінгі емтихан арқылы өздерінің осал жақтарын анықтап, қай бағытта, қалай жұмыс істеу керектігін анықтайтын болады. Бүгінгі таңдағы талап "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыдан гөрі, үйлестірушінің өзі сауаты болғанын қажет етеді. Сонда ғана жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз", - дейді С.Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар