Сандуғаш Ерсейітова ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Сандуғаш Абдразаққызы Ерсейітова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сандуғаш Ерсейітова 1977 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қорғалжын ауданы Ауыл шаруашылығы басқармасының хатшы-машинисті болып бастаған.

1999 ж. Астана қаласы Әділет басқармасы Алматы аудандық сотының сот орындаушысы, Астана қ.

1999-2001 жж. – ҚР Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау комитеті департаментінің сот орындаушысы.

2001-2002 жж. – Астана қаласы Соттар әкімшісі сот орындаушысының м.а., сот орындаушысы.

2002-2007 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің бас маманы; бастығы.

2007-2008 жж. ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті Азаматтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржы заңнамасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2008-2016 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары.

2016 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры болды.

Бұрын осы қызметте болған Бақыт Шалхарұлы Әбішев берген өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.


Фото: t.me/Kzgovernment



Соңғы жаңалықтар