Санчес «Канелоның» неліктен Головкиннің шартына көну керектігін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің тәлімгері Абель Санчес GGG-дің Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жек туралы келіссөздерде өзінің қаржылық талаптарынан неліктен бас тартпайтынын мәлім етті, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин жекпе-жектен түсетін жалпы табысты 50%/50% бөлісуді қалайды. Мексикалықтың промоутері Оскар де ла Хойя GGG тарапы өз талаптарынан бас тартпаса, айқас өтпейтіндігін айтты.

«Ең бірінші, «Канело» PPV көп сатылымын көрсетпейді. Ол тек Мигель Котто және Флойд Мэйвезермен жекпе-жекте ақылы трансляция сатылымынан жақсы көрсеткішке ие болды. Бірақ, онда ол жетекші тарап болған жоқ. Ол Лиам Смитпен бокстасқанда, 200 немесе 280 мың PPV сатқан еді. Бұл ең жақсы көрсеткіш емес. Сондықтан, сатып алынған миллиондаған жазылымды алу үшін оған Головкинмен екінші айқас керек. Головкин табысты тең бөлгісі келеді, ол бұл ниетінен қайтпайды. Егер оның қалағанындай болмаса, жекпе-жек өтпейді», - деді Санчем Villainfy Media-ға берген сұхбатында.

Оның пікірінше, Головкиннің талабы әділетті.

«Бұл боксқа қажет айқас және бұл «Канелодан» барлығының күтіп отырған жекпе-жегі. Бірінші рет ол GGG-ді жеңе алмады»,- деп атап өтті Санчес.

Соңғы жаңалықтар