Санчес Головкинді атақты мексикалық боксшыға теңеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жаттықтырушсы Абель Санчес өзінің шәкіртін бұрынғы мексикалық чемпион Хулио Сесаром Чавеске (107-6-2, 86 КО) теңеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин - ол бүгінгі күннің  Чавесі ме? Біз Геннадиймен алғаш жұмыс істей бастаған кезде мен оған Чавес пен Эдвин Росарионың жекпе-жегін көрсеттім. Сол кезде мен: «Маған 3 жыл беріңіздер, ол осы кезең ішінде Хулио сияқты бокстасатын болады және орта салмақтың үздігі атанады!» деген болатынмын. Хулио қатты панчер болған жоқ, ал Головкиннің қарсыластарын нокаутқа жіберуге күші жетеді»,- деді Санчес The Fighters Voice-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке мамыр айында қайта оралып, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар