«Санаторий Қазақстан» АҚ басшылығына еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 129 640 теңге айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Санаторий Қазақстан» АҚ басшылығы еңбек туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нәтижесінде 129 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Жақында қалалық прокуратура қызметкерлері аталған шипажайда ҚР Еңбек туралы заңының орындалу барысын тексерген болатын.

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, тексеру нәтижесінде бір қызметкердің ақылы демалысты пайдаланбағаны үшін өтемақы алмағандығы анықталды. Сонымен қатар, шипажай жұмысшыларының арнайы жұмыс киімімен қамтылмағандығы әрі еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізілмегендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы «Санаторий Қазақстан» АҚ басшылығын еңбек туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 129 640 теңге көлемінде айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар