Санақ: Шымкентте интервьюерлер адамдар тұратын, тұруы мүмкін 223,3 мың нысанды аралайды

None
None
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Шымкент қаласының 2021 жылы өтетін Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстарымен танысты.

2021 жылдың Ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіледі.

Дайындық жұмыстары қазірден басталды. Жергілікті статистика департаменттерінің басты міндеттердің бірі тұрғын үйлердің (пәтерлердің), тұрғын жай ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орынжайлардың тізімін нақтылауда.

«Шымкенттегі біздің интервьюерлеріміздің алдында өте маңызды үлкен жұмыс тұр. Соңғы жылдары қалада көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Сондықтан бұрынғы картографиялық деректердің өзектілігі жоғалды. Санақтың негізгі кезеңінде қателіктер жібермес үшін, қазір алдын ала кезеңде интервьюерлер барлық көшелердің атауларын, үйлердің реттік нөмірлерін және басқа да деректерін нақтылауы қажет», - деп атап көрсетті Айдапкелов.

Шымкентте 29 нұсқаушылық және 198 тіркеу учаскелері құрылған. 4 мамырдан бастап ұлттық санақ жүргізу жөніндегі нұсқаушылармен (уәкілетті 21 адам) еңбек шарты жасалды. Нұсқаушы-бақылаушылармен және интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімшарттар бар. Санақты сапалы өткізу үшін 248 адамнан тұратын барлық санақ қызметкерлері, оның ішінде халық санағын жүргізу жөніндегі 21 уәкіл, 29 нұсқаушы-бақылаушы, 198 интервьюер тәжірибелік жаттығуларға қатысып, Статистика департаментінің базасында тестілеуден өткізілген.

Санақ қызметкерлері орынжайлармен, компьютерлермен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Олардың компьютерлері мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығына (МО БКО) қосылған. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Қалалық автокөлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Әрбір нұсқаушылық және есеп учаскесіне учаскелік полиция инспекторы бекітілді.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, бірінші кезең интервьюерлері 223 308 тұрғын үй мен адамдар тұруы мүмкін тұрғын емес орынжайларды аралауы тиіс.

Ұлттық халық санағына онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады.


Соңғы жаңалықтар