Санақ-2021: Респонденттің баспанасы қандай материалдан салынғаны не үшін қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекетке өз азаматтарның қабырғасы қандай материалдан қаланған үйде тұрып жатқанын білу не үшін қажет? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловке осындай сауал койылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпыұлттық халық санағы кезінде азаматтардың үй-жайы туралы алынатын мәлімет ары қарай елді мекендердің тұрғын үй қорының жағдайына сараптама жасау үшін қажет болады. Рас, санақ анкетасында үйдің қабырғасы неден тұрғызылған деген сияқты сұрақтар бар. Жалпы, БҰҰ жариялаған санақ науқанының ресми атауы – «Халық және тұрғын үй қоры санағы». Аталмыш санақтың аясында нақты елді-мекен, аудан, облыстың, жалпы елдің тұрғын үй қорына ары қарай сараптама жүргізу үшін толыққанды ақпарат алу көзделіп отыр», - деді Ұлттық стаитиска бюросының басшысы.

Сондай-ақ, ол осындай сұрақтардың алдыңғы халық санақтарда да қойылғанын еске салды.

«2021 жылғы халық санағының қорытындысы «Тұрғын үй қорының статистикалық тізілімі» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын талдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімшілік дереккөздерде ақпараттың болмауы себепті, тұрғын үйді жаңғыртылатын энергия көздері есебінен жылыту бойынша да сұрақтар қосылды», - деп түсіндіріпді Нұрболат Айдапкелов.


Соңғы жаңалықтар